Елордада үш ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде

Елордада үш ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде

Қала әкімі Алтай Көлгінов таңертеңгілік аралау кезінде бірқатар нысандардың құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы ол өзінің «Инстаграмдағы» парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Имунитетті нығайтып, спортпен тұрақты шұғылданудың қажеттігін жағдайдың өзі көрсетіп берді.

Өндіріс, Көктал-2 және Железнодорожный елді-мекендерінде ірі дене шынықтыру - сауықтыру кешендерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Келесі жылы тағы бір құрылысты бастаймыз. Бүгін жұмыс уақытына дейін елді-мекенде орналасқан бірқатар нысанның құрылыс барысымен таныстым.

Көктал-2 елді-мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені орналасқан орталықта спортпен шұғылдануға арналған секциялар, ХҚКО, пошта бөлімшесі, полиция пункті, аға буын өкілдерінің арналған клуб және т.б. болады. Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.

Көктал-1 елді-мекенінде екі мектептің құрылысын жүргіземіз. Біреуі 1200 орынға есептелсе, екіншісі 500 орындық (қолданыстағы оқу орнының аумағында орналасқан).

2020 жылы барлығы 12 мектеп салып, пайдалануға береміз.», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко