
2 шiлде күнi «Жастар» театрында «Жастықтың оты жалындап...» атты республикалық жыр бәйгесінiң марапаттау рəсiмi ɵтедi, деп хабарлайды елорда əкiмдiгiнiң ресми сайты.
Бұл шараның мақсаты - Жастар жылы аясында талантты жастарды қолдау, бірлікті, елдікті жырлаған жалынды жастардың шығармаларын оқырман қауымға насихаттау, тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері мен бағындырған белестерін жырлай отырып, жаңа Қазақстанның жас астанасы Нұр-Сұлтан қаласын жарқырату.
Қазақ поэзиясының асыл қазынасын жаңа замануи ақындық туындылармен толықтыру, байқау жеңімпаздарын марапаттау, Отанға және оның астанасына деген сүйіспеншілікті жырлайтын ең үздік шығармаларды жұртшылық алдында оқу, мiне осының барлығы аталған іс-шарада көрсетіледі. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар барлық қатысушылардың шығармалары енгізілетін кітапты шығаруды жоспарлап отыр.
Салтанатты кеш сағат 17:00-де басталады.