
Республика күні қарсаңында «Радима» белорус орталығының төрағасы Дмитрий Останкович Қазақстан халқын мерекемен құттықтап, маңыздылығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
«25 қазан күні ерекше мереке – Республика күнін атап өтеміз. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданып, бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болды. Декларацияда егемендік жарияланып, тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық негіздері белгіленді», - деп бөлісті Дмитрий Останкович.
Оның айтуынша, Декларацияда тұңғыш рет аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, халықтар мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілген.
«Қазақстандықтарды келе жатқан мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – халқымыздың егемендік пен тәуелсіздік жолындағы бірлігінің белгісі. Сіздерге және отбасыларыңызға бақыт, денсаулық, бейбітшілік пен береке тілеймін. Туған жерге деген сүйіспеншілік бізді Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы жаңа игі істерге жетелесін», - деп құттықтады Дмитрий Останкович.