
LRT құрылысы бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты Сығанақ көшесімен қиылысында Мәңгілік Ел даңғылының көлік айрығында қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.
112-113 аралықта LRT құрама қорап арқалықтарына бетон құю жоспарлануда.
Осыған байланысты 20 қазан күні сағат 23:00-ден 21 қазан күні сағат 06:00-ге дейін Сығанақ көшесінің қиылысындағы Мәңгілік Ел даңғылының көлік айрығында қозғалысқа шектеу енгізіледі.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.