Астанада Конституция күніне орай Байқоңыр ауданының тұрғындары арасында футболдан турнир өтті

Астанада Конституция күніне орай Байқоңыр ауданының тұрғындары арасында футболдан турнир өтті

Астанада ҚР Конституциясы күніне орай №55 орта мектеп, Ж.Досмұхамедұлы, 2 мекенжайы бойынша Байқоңыр ауданы тұрғындары арасында футбол турнирі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Турнирге Байқоңыр ауданының тұрғындары қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, іс-шара жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады. Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындар арасындағы достық байланысты нығайту. Футбол турнирінде 5 команда қатысты. Олар: «Керемет» СК мекемесі, «Есіл» сауда үйі, Казқалашық тұрғын алабы, Астана қаласы Байқоңыр ауданының қорғаныс істері баскармасы және «Өндіріс» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің командалары қатысты.

Футбол турнирінің жеңімпаздары:

1-орын – «Керемет» СК мекемесінің командасы;
2-орын – «Есіл» сауда үйінің командасы;
3-орын – Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының қорғаныс істері баскармасының командасы.

Ойын соңында жеңімпаздар 1,2,3 дәрежедегі диплом, медальдармен, сыйлықтармен марапатталды.

Cонымен қатар, үздік қақпашы, қорғаушы, шабуылшы, ойыншы номинациялары берілді.

«Іс-шараның басты мақсаты – қала тұрғындарының бұқаралық спорт жүйесін дамыту. Бүгінгі ойындарға келетін болсақ өте жақсы. Жыл сайын өтетін жарыс. Өзім болсам бірінші рет қатысудамын», - деді «Есіл» командасының ойыншысы Әзімхан Жасұланұлы.