
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылынан бастап Қ.Сәтпаев көшесіне дейінгі учаскеде Б.Момышұлы даңғылында жолдің үстінгі қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көрсетілген учаске осы жылдың 3-5 тамыз аралығында толығымен жабылатын болады. Бұл ретте көлік қозғалысы іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.