Елордадағы Тарас Шевченко көшесінің учаскесі ішінара жабылады

Елордадағы Тарас Шевченко көшесінің учаскесі ішінара жабылады

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тарас Шевченко көшесінде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстардың жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 3-4 тамыз аралығында Сарыарқа даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі учаске ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.