Елордалық велокоманда көпкүндік турнирдің қорытындысы бойынша үздік атанды

Елордалық велокоманда көпкүндік турнирдің қорытындысы бойынша үздік атанды

Астанада «Жас тыңгер» дәстүрлі көпкүндік турнирі аяқталды. Еліміздің бес қаласынан 15-16 жас аралығындағы спортшылар арасында республиканың үздік велошабандозы атағы сарапқа салынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Астана спортшылары жеңімпаз атанды. 2-орынды Ақмола облысы, 3-орынды Қызылорда иеленді.

Жарысты Астана әкімдігі мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен №6 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды.

«Біздің көптеген көрнекті велосипедшілеріміз, тіпті Олимпиада чемпионы Александр Винокуров та дәстүрлі көпкүндік «Жас тыңгер» веложарысы жолында өскен. Бұл – жас шабандоздар үшін аса қажетті мектеп. Аталған жарыс дәстүрлі түрде 1981 жылдан бері өткізіліп келеді», - деп атап өтті аға жаттықтырушы Александр Кочетков.

Турнир жеңімпаздарының бірі жарыстан алған әсерімен бөлісті.

«Мен қалаған нәтижеге қол жеткіздім деп сенімді түрде айта аламын. Бірінші орынды иелендім. Сондай-ақ топтық жарыста да үшінші орын алдымм, - деді турнирге қатысушы Аружан Абылғазы.

4 кезеңнің қорытындысы бойынша турнир нәтижелері төмендегідей:

Қыздар арасында:

1-орын – Тилипская Александра (Астана);

2-орын – Кузнецова Валерия (Астана);

3-орын – Абылғазы Аружан (КҚКО).

Жастар арасында:

1 орын – Букин Владислав (КҚКО);

2-орын – Шамшадин Мақсат (Қызылорда);

3-орын – Илья Косолапов (Астана).