Елорданың Жетісу саябағында «Аула ойындары» өтеді

Елорданың Жетісу саябағында «Аула ойындары» өтеді

Елорданың Жетісу саябағында «Аула ойындары» мерекелік іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мереке қонақтарына арнап қызықты ойындар әзірленді: доп, резеңке таспа, чип, классиктер, асық ойындары және т.б.

Іс-шараға әлемнің төрт дүркін рекордшысы және Гиннестің рекордтар кітабына енген Сергей Цырульников қатысады.

Бұл іс-шараға елорданың барлық тұрғыны қатыса алады және 3 тамыз күні сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін Жетісу саябағында өтеді.