
Астана қаласы Білім басқармасы оқушылар арасындағы үздік сурет байқауының жеңімпаздарын анықтады. Жүлделі орындардың иегерлеріне "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру лагеріне жолдама табысталады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Естеріңізге сала кетейік, 25 маусым мен 7 шілде аралығында елордалық Білім басқармасы Балалар көркемсурет мектебімен бірлесіп "Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экологиялық акциясы аясында үздік сурет байқауын өткізді. Байқаудың тақырыбы - "Таза Қазақстан" экоакциясы, қала мен табиғатқа ұқыпты қарау.
Келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:
Бас жүлде - Әбдірахман Дәрия - № 62 МЛ, жетекшісі: Бадриденова Райсә Маратқызы;
1-орын - Арыстанова Фатима № 92 МЛ,
жетекшісі: Қасымова Айгүл Ыдырысқызы;
Кулагина Юлия-ДХШ, жетекшісі: Ронковская Алина Борисовна;
2-орын - Баекешова Гүлзам - Өнер мектебі 2,
жетекшісі: Жәйірбек Қайрат; Нұралы Мәдина - № 17 МГ,
жетекшісі: Болатова Лейла Берденқызы;
Оралбек Жанайымм - № 64 МГ, жетекшісі: Аманжол Роза;
3-орын - Исеналинова Аймира - № 77 МГ,
жетекшісі: Болатова Лейла Берденқызы;
Булатова Алуа - МГ № 95,
жетекшісі: Болатова Лейла Берденқызы;
Бозжігітова Адия - МГ № 3
жетекшісі: Болатова Лейла Берденқызы.
Естеріңізге салсақ, Астана әкімдігінің Instagram-дағы ресми аккаунтына жазылу, Instagram-да #тазаастана, #экоакцияаста хэштегтерін белгілеп, суреттерді жариялау қажет болды.
Астанада "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жалғасуда. Елорда тұрғындары мен қонақтары сенбіліктер мен экоакцияларға белсенді қатысып, қаланың дамуы мен тазалығына өз үлестерін қосуда.