Шалкөлде көшесіндегі учаске бірнеше күнге жабылады

Шалкөлде көшесіндегі учаске бірнеше күнге жабылады

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Шалкөлде көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 9-14 шілде күндері Шарбақты көшесінен Бакен Серікбаев көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.