Астанада Игілік көшесіндегі учаске толығымен жабылады

Астанада Игілік көшесіндегі учаске толығымен жабылады

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Игілік көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 8-9 шілдеде Жаңажол көшесінен Тайбұрыл көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.