Астанада ауқымды мерекелік отшашу өтті

Астанада ауқымды мерекелік отшашу өтті

Елордалық Ботаникалық бақта мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

10 мыңнан астам адам отшашу көруге келді. 5 минут ішінде аспанға биіктігі 60-тан 250 метрге дейін жететін 10 мың отшашу шығарылды. Ұзындығы 500 метрді құрады.

Отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 6 шілде күні сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондар шоуын өткізу жоспарланып отыр. Шамамен өтетін уақыты – сағат 22:15-те (22:30).