Астанада Елорда күніне арналған жаппай жарыс ұйымдастырылады

Астанада Елорда күніне арналған жаппай жарыс ұйымдастырылады

Елорда тұрғындары мен қонақтарын "Ел жүрегі - Астана!" қала күніне арналған жаппай жүгіру жарысына шақырады. Іс-шара 13 шілдеде Ботаникалық бақта өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу 13 шілдеде сағат 07:00-ден 08:00-ге дейін жалғасады. Басталуы 08:00.

Іс-шара аяқталғаннан кейін мәреге тіркелген қатысушылар арасында лотерея және бағалы сыйлықтарға ұтыс ойыны өтеді.

Іс-шара спорттық жарыс болып саналмайды.