
Елорда күнін мерекелеу аясында жаз бойы әр сенбі және жексенбі күндері қала тұрғындары мен қонақтарына арналған «Creative summer» жобасы балаларға арналған ойын-сауық бағдарламаларымен, шығармашылық ұжымдардың қойылымдарымен, флешмобтармен өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жобаның мақсаты – біртұтас мәдени мұраны жаңғырту үшін әртүрлі жас ұрпақтарын тарту, патриотизм рухын қалыптастыру және ұлттық мәдениеттің маңыздылығын нығайту.
Жоба қонақтарын балалардың ойын-сауық бағдарламалары, флешмобтар күтеді. Сондай-ақ алаңда көше суретшілері жұмыс істейді, қарындаштармен сурет салуға арналған орындар бар, балаларға арналған бет бояуы ұйымдастырылған, көп жанрлы әртістер, аниматорлар және тағы басқалар өнер көрсетеді.
Іс-шараға кәсіби музыканттар мен музыкалық топтар тартылды.
Күндізгі бағдарлама сағат 16.00-де басталады, орындар апта сайын өзгереді, алдағы іс-шара туралы хабарландырулар мен орындар @madeniet_direkciya аккаунтында жарияланады. Жоба қалалық алаң, Есіл өзенінің жағалауы, Жерұйық және Жетісу саябақтарында кезең-кезеңімен өтеді. Жобаға белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, вокалдық үйірмелер, эстрадалық студиялар, Заманауи би бағыттарының хореографиялық академиялары, түрлі шығармашылық студиялар, шығармашыл ЖОО студенттері, сондай-ақ демалыста жүрген еркін музыканттар тартылып отыр.