VIII Жазғы «Азия балалары» ойындары: елордалық спортшы қола жүлдеге ие болды

VIII Жазғы «Азия балалары» ойындары: елордалық спортшы қола жүлдеге ие болды

Якутск қаласында өтіп жатқан VIII жазғы «Азия балалары» ойындарында жеңіл атлетикадан Қазақстанның қоржынына 3 қола медаль түсті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кезекті жарыс күні Астана қаласының спортшысы Виктория Мельникова 1500 метрге жүгіруде мәре сызығын үшінші болып кесті. Оның уақыт көрсеткіші – 4 минут 59,26 секунд.

Осылайша, айтулы бәсекеде жеңіл атлетикадан Астана қаласының бір спортшысы өнер көрсетіп, қола медаль иегері атанды.

VIII жазғы «Азия балалары» ойындары 7 шілдеге дейін жалғасады.