
Қазақстан азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру осы жылдың 4 наурызында басталған болатын. Алдын-ала зерделеу бойынша 18 бен 27 жас аралығындағы 1000-нан аса жеткіншек әскери қызметке жарамды болған.
Барлығы көктемгі әскери шақыру кезеңінде 800 астаналық жеткіншек әскерге шақырылды, оның ішінде Шекара қызметіне – 150, Мемлекеттік күзет қызметіне – 20, Қарулы Күштерге – 336, және Ұлттық Ұланға – 320 адам.
2019 жылғы күзгі әскери қызметке шақыру аяқталысымен, жергілікті әскери басқару органдары 10 шілдеден бастап 2019 жылдың күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруға жарамды азаматтарды зерделеу жұмыстарын бастайды.
Зерделеу кезінде әскерге шақырылушымен және оның ата-анасымен жеке әңгімелер жүргізіледі, сонымен қатар азамат оқитын немесе жұмыс істейтін мекеменің әкімшілігі өкілдерімен де байланыс орнатылады.