
Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейін Қабанбай батыр даңғылының бойындағы учаске толығымен жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеуге байланысты осы жылдың 17 маусымы сағат 10:00-ден 18 маусым күні сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.