Әлімбаев көшесінің учаскесі жөндеуге жабылады

Әлімбаев көшесінің учаскесі жөндеуге жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Амман көшесінен А.Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде М.Әлімбаев көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты осы жылдың 14-16 маусымы аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.