
Осы жылдың 14 маусымында Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы "Астана есірткісіз қала" акциясының басталғаны туралы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Акцияның басталуына байланысты Басқарма қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ұтыс ойынын өткізеді.
Акцияға қатысу ережелері:
- @upn_dp_astana Астана ПД Instagram аккаунтына жазылыңыз;
- Посттың астындағы пікірде салауатты өмір салты мен есірткімен күресу идеясын қолдайтын үш досыңызды белгілеңіз.
- Осы постты #Астанагородбезнарокотиков хэштегімен өз сторисіңізге репост жасаңыз.
Жеңімпаздар әр апта сайын қатысушылар арасынан кездейсоқ түрде анықталып, бағалы сыйлықтарға ие болады. Ұтыс ойынына бірнеше рет қатысуға болады.