
Елордада "Астана – есірткісіз қала" тақырыбында астаналықтар арасында нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жобасының үздік идеяларына конкурс өткізілуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Байқау елорданың Ішкі саясат басқармасы мен Астана ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі идеялар қатыстырылады. Негізгі критерийлер: идеялардың жаңалығы, өзектілігі және тиімділігі.
Ең жақсы жұмыс ақшалай сертификаттармен ынталандырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2024 жылғы 25 қыркүйекке дейін осы күнді қоса алғанда astana.konkurs2024@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша 8 706 689 9094 нөмірі бойынша хабарласуға болады.