Астанадағы қоғамдық көліктердің салқындатқыштары тексерілді

Астанадағы қоғамдық көліктердің салқындатқыштары тексерілді

Астана қаласы қоғамдық көлігі ауа баптау жүйесінің жазғы кезеңге дайындығы тексерілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі уақытта қаладағы 1 449 автобустың 91,7 % ауа баптау жүйесімен жабдықталған. Қалған бөлігінде ауа баптау жүйесі өндіруші зауытпен қарастырылмаған. Ондай автобустарда салқындату тек ауа сорғыштар мен апаттық-желдету люктері есебінен және бүйірлік терезелерді ашу арқылы табиғи желдетумен қамтамасыз етіледі.

Бүгін CTS-тің көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері елордалық тасымалдаушылардың жазғы маусымға дайындығын тексерді. Соның ішінде ауа баптау жүйелерін қадағалады.

Нәтижесінде 5 автобустың ауа баптау жүйесінде ақаулық анықталып, желіге шығарылған жоқ. Жыл басынан ауа баптау жүйесі істен шыққаны үшін CTS қызметкерлеріне 20-дан астам акт толтырылып, 2023 жылы 80 рет ескерту жасалды.

Айта кетейік, автобус салонындағы ауа баптағыштары орташа температурада, 15-18 градус режимінде жұмыс істейді.

Жаз басталғалы бағдарлардағы ауа баптау жүйесінің жұмысын CTS қызметкерлері күнделікті линияда жолаушыларды тексеру барысында қадағалайды және айына бір рет автобус парктерінде тексеру жүргізеді.