Астанада Қарталы көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада Қарталы көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қарталы көшесінің Н.Тлендиев даңғылынан Ақан Сері көшесіне дейінгі аралықта жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 2-3 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады.

Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.