
«Қалада эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, бірқатар шешімдер қабылданды. Біріншіден, жедел медициналық көмек базасында байланыс орталығы құрылды. Онда дереу талдау жасалып, кеңес беру қызметі көрсетіледі. Бұл күніне шамамен 500 өтінім.
Сондай-ақ қалалық аумақтық емханаларда жауапты тұлғалармен байланыс орталығы құрылды. Олар туралы ақпарат интернет-ресурстарда қолжетімді.
Қаламыздағы iKOMEK ақпараттық орталығында медициналық ұйымдардың әр басшысына арналған мобильді қосымшалар бар. Өтінімдер бірден олардың мобильді қосымшаларына түседі», – деп түсіндірді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Сәуле Қисықова. ⠀
Сәуле Қисықова елордада ахуалдық орталық құрылып, онда қаланың төсек-орын қоры КВИ және науқастар ағымымен реттелетінін атап өтті. «Жоспарлы амбулаториялық-емханаға баруды уақытша тоқтату есебінен бұл кадрлық ресурстар қосымша жедел медициналық жәрдем бригадаларын құруға бағытталды. Жақында 32 бригада құрылды. Бүгінде қалада 150 бригада жұмыс жасауда», – деді ол.