«Железнодорожный» тұрғын алабына кіру 23 және 24 маусымда түнде жабылады

«Железнодорожный» тұрғын алабына кіру 23 және 24 маусымда түнде жабылады

Тұрғындарға маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жол желісін орташа жөндеу аясында «Железнодорожный» тұрғын алабында Әл-Фараби даңғылынан Иманақ көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы жүргізілуде, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған байланысты 23 маусымға қараған түні 24: 00-ден 06: 00-ге дейін және 24 маусымға қараған түні 24: 00-ден 06: 00-ге дейін көлік қозғалысын тоқтату жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек.

«Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.