Елордада Бөкеев көшесінің учаскесі уақытша жабылды

Елордада Бөкеев көшесінің учаскесі уақытша жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш. Бөкеев көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 22-30 мамыр аралығында Дүйсенбаев көшесінен тұйыққа дейін Ш. Бөкеев көшесінің учаскесінде қозғалыс толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.