
Қазақстанда демалыс күндері – 20-21 маусым аралығында шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы
ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда жпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қарастырылған.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша:
-сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, базарлардың қызметі тоқтатылады
-қоғамдық тамақтану объектілерінің көше форматындағы ашық ауада жұмыс істеуіне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып рұқсат етіледі
-қоғамдық көлік жұмысы шектеледі -қоғамдық орындардың, саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады -фитнес-орталықтардың қызметі тоқтатылады
-65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.
-қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады;
-65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі.
3. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіру жабылады, ал аталған аймақтардағы адамдарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау.