Оқжетпес көшесі 10 шілдеге дейін жабық болады

Оқжетпес көшесі 10 шілдеге дейін жабық болады

Жүргізушілерге маршрутын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Оқжетпес көшесінде К.Байсейітова көшесінен Көктал көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған орай, 17 маусымнан 10 шілдеге дейін бұл учаскедегі көлік қозғалысы жартылай жабылады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек», – делінген хабарламада.