Астанада бірқатар көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астанада бірқатар көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды

Астанада 18-19 мамырда күндері қаланың қай жолдарында жөндеу жүріп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Толығымен жабылған көшелер:

- Қабанбай батыр даңғылы  - Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейін (дөңгелек алаңның үстіндегі көпір) (балама жолдар – көпір астында, Тұран даңғылы, Қазақ радиосы көшесі – 1 маусым төменгі қабатта қозғалыс қамтамасыз етіледі);

- Сарайшық көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі оң жақ съезі толығымен жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы жақын арада орналасқан Ақмешіт және Түркістан көшелерінде жүзеге асырылатын болады.

Тұрғын алаптардағы көшелер:

- Титов көшесі – Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;

- Шақпақ көшесі – Бейсеков көшесінен Байсейітов көшесіне дейін;

- Сұлукөл көшесі – Еңлік Кебек көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;

- Келешек көшесі – Тілендиев даңғылынан Жаңақоныс көшесіне дейін;

- Жарсуат көшесі – Фахд бен Абдул Азиз көшесінен Жалил көшесіне дейін;

- Абат-Байтақ көшесі - К. Байсеитова көшесінен Ш. Бейсекова көшесіне дейін.
Ішінара жабылған көшелер:

- Тәуелсіздік даңғылы – Р. Қошқарбаев көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін (бұл ретте автокөлік құралдары үшін қозғалыс екі бағыттың бір жағы бойынша қамтамасыз етілген – 1 маусымда қозғалыс төменгі қабатта қамтамасыз етілетін болады);

- Б. Момышұлы даңғылынан Мәңгілік Ел және оң жағындағы Сарайшық көшесі қиылысындағы көлік айрығына дейінгі учаскедегі «Арқар» көпірі. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да сол жақта қамтамасыз етілген;

- Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысындағы көлік айрығы. Қозғалыс ағымдағы жылдың 17 мамыр күні сағат 20:00-ден бастап 20 мамырға дейін ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да сол жағымен (Түркістан көшесінен Қошқарбаев даңғылына қарай) жүзеге асырылатын болады;

- Тұран даңғылының Сығанақ көшесінен бастап Орынбор көшесіне дейін. Қозғалыс ағымдағы жылдың 17 мамыр күні сағат 20:00-ден бастап 20 мамырға дейін ішінара жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (әуежайдан қалаға қарай) жүзеге асырылатын болады.