В столице продолжаются рейды мобильной группы акимата по выявлению нарушений санитарных норм

В столице продолжаются рейды мобильной группы акимата по выявлению нарушений санитарных норм

Арнайы комиссия дүкендер, сауда орталықтары мен басқа да адам көп жиналатын жерлерде санитарлық нормалардың сақталуына рейд жүргізді.

«Біз нан өнімдерін қаптамасыз сату, қызметкерлер мен келушілердің жеке қорғаныш құралдарының болмауы сияқты бірқатар бұзушылықты анықтадық. Анықталған фактілер бойынша түсіндіру жүргізіліп, кемшіліктерді жою үшін ұсыныстар берілді», – деді Байқоңыр ауданының ТКСҚББ бас маманы Айзат Алдажар.

Бүгінгі күні аудандардың мобильді топтары 800-ден аса кәсіпкерлік нысанына мониторинг жүргізді. Оның нәтижесі бойынша 244 кәсіпорында санитарлық нормалардың бұзылғаны анықталды.

«Негізгі ескертулер қызметкерлер мен келушілердің арасында қауіпсіздік шараларын сақтамау мәселесіне қатысты. Қоғамдық тамақтану орындарындағы үстелдердің қашықтықты сақтамай орналасуы, температураны тіркеу журналы мен тепловизордың болмауы, қызметті медициналық маскамен қолғапсыз көрсету, жұмысты рұқсатсыз бастау сияқты бұзушылықтар. Одан бөлек, комиссия антисептик құтыларының бос тұрғаны және кезек үшін арнайы белгінің болмағаны үшін ескерту жасады», – деді басқармада.