Тәуелсіздік даңғылының учаскесі ішінара жабылды

Тәуелсіздік даңғылының учаскесі ішінара жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылында орташа жөндеу бойынша жол жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыстарды жүргізуге байланысты 16 мамырдан 1 маусымға дейін Р.Қошқарбаев даңғылынан Нәжімеденов көшесіне дейінгі Тәуелсіздік даңғылының учаскесінде қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.