Астанада Келешек көшесінің учаскесі уақытша жабылды

Астанада Келешек көшесінің учаскесі уақытша жабылды

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Келешек көшесіндегі жолға орташа жөндеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмысына байланысты 13-20 мамыр аралығында Келешек көшесінің Тілендиев даңғылынан Жаңақоныс көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.