
Абай даңғылы, 50 мекен-жайында орналасқан көпқабатты үйдің қабырғасында қазақтың ұлы ақыны, композитор, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың портреті пайда болды. Мурал Абай Құнанбаевтың дүниеге келгенінің 175-жылдығына орай "Байқоңыр" ауданы әкімдігінің қолдауымен салынды.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда короновирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлер мен Ұлы Отан соғысының ардагері Бауыржан Момышұлына арналған мурал салынды.