Өндіріс көшесі 9-20 маусым аралығында жартылай жабылады

Өндіріс көшесі 9-20 маусым аралығында жартылай жабылады

Көлік жүргізушілері кептелістің алдын алу үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жол желісін орташа жөндеу аясында Өндіріс көшесі бойында Үшқоңыр көшесінен Ақбидай көшесіне дейінгі учаскеде жол құрылысы жүргізілуде, қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Осыған орай, 9-20 маусым аралығында аталған учаскедегі жолды жартылай жабу жоспарланған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. Қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.