Астанада пара каратэден қалалық чемпионат өтті

Астанада пара каратэден қалалық чемпионат өтті

«Aspan» спорт кешенінде пара каратэден Астана қаласының чемпионаты өтті. Жарыс тірек-қимыл аппараты зақымдалған, көру қабілеті төмен, интеллектуалды мүмкіндіктері шектеулі спортшылар арасында ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Исламбек Байманов жарыстың марапаттау рәсіміне қатысты. Исламбек Айдарұлы спортшыларды айтулы жеңісімен құттықтап, алдағы спорттық жарыстарда толағай табыс тіледі.

Жарыстың басты мақсаты – мамыр айында пара каратэден өтетін ҚР чемпионатына қалалық құраманы жасақтау, дарынды жас спортшыларды анықтау, спортқа баулу, қатарға қосылған балалар мен жасөспірімдерді жеңіске жігерлендіру.