Алматы ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өтеді

Алматы ауданының тұрғындарымен есептік кездесу өтеді

2 мамырда қала әкімі Жеңіс Қасымбектің Алматы ауданының тұрғындарымен есептік кездесуі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Есептік кездесу 2 мамыр күні сағат 15:30-да Аманат көшесі, 5 мекенжайындағы №51 мектеп-гимназиясында өтеді.

Тікелей трансляция Алматы қаласы әкімі аппаратының Facebook парақшасында жүргізіледі.