Астана дәрігерлері лейкемиямен ауыратын балаларды қолдап, ағаш отырғызды

Астана дәрігерлері лейкемиямен ауыратын балаларды қолдап, ағаш отырғызды

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының хирургтары, педиатрлары мен онкологтары аурухана аумағына қарағай көшеттерін отырғызды. Елордалық дәрігерлер балалар арасындағы лейкемиямен күреске тағы да назар аударды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Сонымен қатар біз емдеу жүргіземіз, әрине, балаларымызға назар аудару олар үшін өте маңызды. Болашақта осы көшеттер жайқалып өскен ағашқа айналып, балаларымызды күннен қорғайды. Оның қалқасында балалар таза ауада демалатын болады», - деді UMC Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы онкология бөлімінің меңгерушісі Забира Қыздарбекова.

Жас қарағайлар клиниканың жас пациенттері мен олардың ата-аналары демалатын аллеяға көрік бере түсті.

«Қазір бізде ауқымды экоакцияның үшінші аптасы өтіп жатыр. Бұл апта көгалдандыруға арналған. Біз негізінен әлеуметтік нысандарды көркейтуге, көгалдандыруға тырысамыз. Біз лейкемиямен ауыратын балаларға, олардың ата-аналары мен дәрігерлеріне қолдау көрсетуді шештік. Бұл ағаштар олардың ауруды жеңгеніне куә болады деп үміттенеміз», - деді Астана қаласы Нұра ауданы әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова.

Елордада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясының «Жасыл аймақ» апталығы басталды.

Ауқымды экоакция шеңберінде қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріз желілері, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ жасыл-желектерді күтіп-баптау және отырғызу, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату, рұқсат етілмеген полигондарды жою және т. б. жұмыстар жүргізілуде.