Б. Мәкен: Басты басымдық – балалардың қауіпсіздігі

Б. Мәкен: Басты басымдық – балалардың қауіпсіздігі

Қалалық мәслихат отырысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен оқушылардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазір қалада 117 білім беру ұйымы жұмыс істейді, барлық мектептер емханаларға тіркелген.

Биылдан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан бір оқушыға 470,84 теңге бөлінеді. 2020 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша 55 372 бала скринингтен өтті, 43 231 (78%) қамтылды.

Бұған қоса оқушыларға екпе салу жұмысы жүргізілуде. Басымдылық 9 және 11 сынып оқушыларына, сондай-ақ декреттік жаста жоспарлы екпені алмаған балаларға беріледі.

«2019-2022 жылдарға арналған елордадағы мектеп жасындағы балаларға медициналық қызмет көрсетудің жол картасы» бар. «Мектеп медицинасы» циклы бойынша мектеп медицинасымен айналысатын дәрігерлерді оқытып, осы жылдың екінші жартысына сертификат беруді ұйымдастыру, барлық мектептердің медициналық бөлмелерін медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету қажет. Скрининг негізінде мектеп оқушыларының денсаулығын тексеру бойынша тоқсан сайын мониторингті тұрақты жүргізу, патологияны ерте кезден анықтап және оларды сауықтыру өте маңызды. Сондай-ақ балалардың денсаулығын сақтауға зор жауапкершілікпен қараған жөн, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалар бар», – деді Б.Мәкен.