«Біз зергер сияқтымыз» – Астана-Зеленстрой қызметкерлері гүл отырғызу жұмыстары туралы айтып берді

«Біз зергер сияқтымыз» – Астана-Зеленстрой қызметкерлері гүл отырғызу жұмыстары туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан қаласында гүлдер мен талдар отырғызу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. 2020 жылы қалада 6 млн-ға дейін гүл отырғызылады. Қаладағы барлық ауданда жұмыс жүргізілетін болады.

«Біздің кәсіпорын қызметкерлері өз ісіне деген зор ықыласпен күні-түні жұмыс істейді. Оларға алғысым шексіз. Бұл жұмыс әркімнің қолынан келмейді, өйткені гүл отырғызу – зергерлік жұмыс секілді. Қаланы көгалдандыру мен гүл отырғызу үшін жан-тәнімізбен жұмыс істейміз. Біздің қызметкерлеріміз қала тұрғындарын қуантып, жақсы көңіл-күй сыйлау үшін еңбек етуде», - деді «Астана – Зеленстрой» ЖШС Бас директорының орынбасары Бибігүл Бектемісова.

Жұмысқа күн сайын 130 гүл өсіргіш жұмылдырылады. Қызметкерлер қатаң санитарлық нормаларға сай жұмыс істейді.

«Менің басты міндетім – суару және гүлдерді күту. Жұмыс қиын, үлкен шыдамдылықты қажет етеді», – деді «Астана – Зеленстрой» ЖШС қызметкері Айгүл Жайлаубаева.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі орынбасары Алтынбек Қайсағалиев биыл көп жылдық гүлдерге басымдық берілгенін атап өтті.

«Үйеңкі, жөке, емен, сирень, талдардың өсуіне басымдық береміз, мамық шашатын терек түрін отырғызбаймыз», – дейді ол. Елорданы көгалдандыру және абаттандыру мақсатанда биыл 30 мың ағаш отырғызылады.