
«25 мамырда 1-10 сынаптарда онлайн-соңғы қоңырау шарасы, 3 маусымда мектеп бітіруші түлектерге аттестат табыстау рәсімі бұдан бұрын да хабарлағанымыздай мектеп ауласында өткізіледі. Ал балабақшалар қазіргідей «кезекші топ» режимінде жұмысын жалғастырады.»-деп хабарлайды Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.
25 мамыр сағ. 11.00 – телеарналар арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.К. Аймағамбетов түлектерді құттықтайды. Сонымен қатар, сол күні барлық мектептерде мүмкіндігінше ата-аналардың, қамқорлық кеңес мүшелерінің, бизнес өкілдерінің, мектепті үздік бітірген бұрынғы түлектердің қатысуымен 1-10 сыныптарға арналған онлайн-Соңғы қоңырау өткізіледі. \
Аталмыш шара еркін кесте бойынша өтеді.
Ағымдағы жылы мектеп бітіру іс-шарасы ҚР БҒМ нұсқаулығы бойынша «Birgemiz: ТҮЛЕК-2020» ұранымен өтеді.
3 маусым күні барлық мектептерде 11 сынып түлектері үшін аттестаттар мен «Алтын белгіні» тапсыру рәсімі өткізіледі.
Іс-шара мектеп аумағында, ашық аспан астында ұйымдастырылады. Мектеп бітірушілердің мектеп формасымен қатысуы қатаң түрде ескертіледі. Салтанатты рәсімнен кейін «Түлектер аллеясында» ағаш отырғызу жоспарлануда. Бітіру іс-шараларын өткізу күндері мектеп әкімшілігіне құқық бұзушылыққа жол бермеу, санитарлық және эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтау шаралары жүктелді.
18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмыстарын бірінші кезекте баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін, ата-аналардың қалауы бойынша «кезекші топтар» режимінде қайта бастады.
Анықтама:Елордада жалпы контингенті 55 708 баланы құрайтын, түрлі типтегі 377 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде: мемлекеттік – 94, жекеменшік – 237, олардың 214-де мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған, 43 шағын орталық, 3 ведомстволық мекеме бар. Орта білім беру ұйымдарының мектепалды топтарында 3 485 бала оқиды.
Ағымдағы жылдың 18-22 мамыр аралығында балалардың қатысуының талдау пайызы: 18.05.2020ж. – 2,6%, 19.05.2020ж. – 4,3%, 20.05.2020ж. – 6%, 21.05.2020ж. – 7%, 22.05.2020ж. – 7,4%.
1 маусымнан бастап балабақшалардың жұмысы «кезекші топ» режимінде жалғасады.