Достық көшесіндегі учаске 10 маусымға дейін жабылады

Достық көшесіндегі учаске 10 маусымға дейін жабылады

Көлік жүргізушілер кептелістің алдын алу үшін маршрутты алдын-ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қала жолдарын жөндеу Достық көшесінде де жалғасып жатыр. Жөндеу Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейін жүреді. 24 мамыр мен 10 маусым аралығында Сауран көшесінен Мәңгілік ел даңғылына дейінгі учаскеде көлік қозғалысын жартылай жабу жоспарланған», – деп хабарлайды қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.

Осыған орай, елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс болдырмау үшін маршруттарын алдын-ала жоспарлауы керек.