
Қоғамдық көліктің жандануына байланысты автобустар мен аялдамаларда күнделікті дезинфекция жасалынады. Линияға шығарылар алдында әр автобус дезинфекцияланады. Соңғы аялдамаларда жүргізушілер автобустарды дезинфекциялайды. Олар есік тұтқаларын, шынтақшалар мен валидатор және т.б көпшілік ұстайтын жерлерді арнайы дезраствормен сүртеді.
Естеріңізге түсіреміз, жолаушыларға қоғамдық көлікте бетпердесіз жүруге тыйым салынды. Көліктік бақылау Департаментінің қызметкерлері күнделікті тексеру жүргізеді. Олар автобус салонында петберде тағу міндеті туралы ҚР Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысын орындауды бақылайды.
Елорда тұрғындары санитарлық нормаларды сақтамаған жағдайда қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады.
Бұл күндері қала бойынша сағат 06.00 мен 22.00 аралығында қалалық автобустар қатынайды. ТЖ дейін жолаушылар ағыны 700 мыңнан асатын болса, қазір 300 мыңнан астам.