«Мейірім сәулесі» Нұр-Сұлтанның аспанын жарықтандырады

«Мейірім сәулесі» Нұр-Сұлтанның аспанын жарықтандырады

21 мамыр күні сағат 23.00-де Нұр-Сұлтанның инвенторлары ерекше акция өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың ивент индустриясының қызметкерлері бүгін елордада ерекше акция өткізеді. Карантин мен жұмыстың уақытша тоқтап тұрғанына қарамастан, Қазақстанның ивент индустриясының өкілдері бірігіп, бір-бірін мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнімен құттықтауға  шешім қабылдады.  Сондай-ақ ұйымдастырушылар қазіргі кезде басқалардың амандығы үшін жұмыс істеп жатқан әр адамға осылайша алғыс білдірмек.

«Дәл қазір адамдарға - коронавируспен алдынғы шекте күресіп жүргендерге де, өзін-өзі оқшаулап отырғандарға да қолдау көрсету маңызды. Бүгін кешке ондаған шырақ сүйікті қаламыздың аспанын жарықтандырады. Әрбір сәуле – ол үміт. Біз жақын арада бәрі артта қалады деп сенеміз. Сосын біз қазақстандықтар үшін керемет мерекелер жасаймыз», - дейді акцияның ұйымдастырушылары - Еуразиялық Ивент Қауымдастықтың өкілдері.

Шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Қосылатын орындар: Астана мемлекеттік филармониясы, Бәйтерек монументі, Бейбітшілік және келісім сарайы, Республика даңғылы, 84/1 Жетіген көшесі, 28/2 Қосалқа көшесі, 36.