
Көлік жүргізушілері кептелісте қалмау үшін маршрутын алдын ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Достық көшесінде Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты 21-23 мамыр аралығында қозғалысты жартылай жабу жоспарлануда», – деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.
Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелістің алдын алу үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Биыл Нұр-Сұлтанда 150 көше жөнделеді, оның 100-і тұрғын үй аудандарына қарасты (шамамен 40 шақырым жол). Барлық жұмыс «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша іске асады. Аталған бағдарлама бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы 1536 жұмыс орны ашылады.