
Астана қаласы Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Шерзод Пулатов Президенттің елдегі су тасқынына байланысты үндеуіне пікір білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
“Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз”. Осындай сөздермен Президентіміз су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеу жолдады. Шын мәнінде қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Осындай кезде халықпен бірге болып, көмектесіп жүрген құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, волонтерлерге және апатпен күресуге атсалысып жатқан барша жұртқа Мемлекет басшысы өз алғыснын білдірді. Біз де қосылып, рақмет айтып, Алла сіздерге разы болсын деп айтамыз. Кемшіліктер аз емес, оларды жоюға керекті тапсырмалар берілді. Өзгерістер болады деп сенеміз. Алла бізге сынақ берген болса, біз оны тек қана сабырлықпен өтеміз. Ең бастысы аман болайық. Осыған орай Президентіміз "Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы" - деп айтты.
Біздің күшіміз бірлікте, сондықтан Мемлекет басшысын қолдап, бір халық болып, бірлесіп, еліміздің жарқын болашағы үшін адал қызмет көрсетіп, атсалысайық ағайын!” - деді ол.