“Гүл де қар астында мәңгі жатпайды”: Ерлан Дакенов сын сағатта халықты сабырлы болуға шақырды

“Гүл де қар астында мәңгі жатпайды”: Ерлан Дакенов сын сағатта халықты сабырлы болуға шақырды

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының директоры Ерлан Дакенов Президенттің елдегі су тасқынына байланысты үндеуіне пікір білдірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

“Жағдай өте қиын болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз” - деді Мемлекет басшысы бүгінгі үндеуінде. Қазақстан халқы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апатқа бетпе-бет келіп отыр. Қандай қиын-қыстау кезең болса да, үнемі бір тудың астына жиналатын еліміз, бұл жолыда бұра тартпай, бір жұдырықтай жұмылатыны анық. Ел тізгінін ұстаған тұлғалар, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары жағдайды реттеуге атсалысуда. Орын алған су тасқыны Президенттің ерекше бақылауында екенін де ұмытпаған абзал. ”Жұмыла көтерген жүк жеңіл”. Гүл де қар астында мәңгі жатпайды. Сын сағатта сабыр сақтап, Алладан жәрдем тілейміз! Жаратқан халқымызға жар болсын!” - деді ол.