“Күшіміз бірлікте”: “Рухани қоғам әлемі” ҚҚ президенті табиғи апат кезінде елді бірлікке шақырды

“Күшіміз бірлікте”: “Рухани қоғам әлемі” ҚҚ президенті табиғи апат кезінде елді бірлікке шақырды

Қала әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі, “Рухани қоғам әлемі” ҚҚ президенті Лимана Қойшиева еліміздің бірқатар аймағындағы тасқын суға байланысты Президенттің үндеуіне пікір білдірді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

“Табиғи апаттар мен катаклизмалар - ескертусіз, аяқ асты болатын құбылыстар. Міне, елімізде де дәл осы жағдай орын алып отыр. Бірлігіміз бен елдігіміздің тағы да бір сыналар шағы келді. Елдегі болып жатқан бұл табиғаттың тосын мінезіне қатысты мемлекет тарапынан, Президентіміз тарапынан барлық тиісті шаралар қабылданып жатыр. Топан су аймағынан азаматтарымыз эвуакуцияланып жатыр.Мемлекет басшысы өз үндеуінде, зардап шеккен аймақтардағы бір азаматтың назардан тыс қалмайтынын баса айтты. Кәсіпкерлер тарапынан да гуманитарлық көмектер жіберіліп жатыр. Бұл іске жұмылдылған құзырлы орган қызметкерлері де өзіне бекітілген азаматтық та, адамдық та парыздарын өтеуде. Әсіресе, беліне дейінгі суық суды кешіп жүрген жас жігіттеріміздің де ерлігін баса айтқым келеді. Міне, азамматтар, бейбіт күннің батырлар - осы жігіттер”, - деп жазды Лимана Қойшиева.

Сонымен қатар ол осындай сындарлы сәтте елді сабырлы болуға шақырды.

“Осы сын сағаттан сүрінбей өтетінімізге кәміл сенемін. Елдігіміз бірлігімізде екенін тағы да дәлелдейтін укыт келді. Президентіміздің үндеуі әрбір азаматтың жүрегіне жетті деп ойлаймын. Бір адамның талпынысымен ғана емес, халықтың, қоғамның ыңтымағы мен бірлігінің арқасында осы қиындықты да еңсереміз.

“Рухани қоғам әлемі” қоғамдық қоры гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыруда. Көмек пункті ашылып, волонтерлерімізбен жұмыс жасап жатырмыз. Күшіміз бірлікте. Бірігуге шақырамын!” - деді ол.