«Түбіртек талап етіп, жүлде ұтып ал!» акциясы арқылы телефон теңгерімін төлеуге болады

«Түбіртек талап етіп, жүлде ұтып ал!» акциясы арқылы телефон теңгерімін төлеуге болады

Бұл шара жылдың соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті жыл сайын өтетін «Түбіртек талап етіп, жүлде ұтып ал!» акциясының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Акцияның мақсаты - халық арасында азаматтық белсенділікті арттырып, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестік қалыптастыру.

Әрбір тұтынушы сатып алынған тауарының түбіртегін(жұмыс немесе қызмет) (Wipon тегін қосымшасы) мобильді қосымша арқылы жібере алады және күн сайын ұялы телефон теңгеріміне ақша ұтып алу мүмкүндігіне ие. Сондай-ақ кассалық бақылау машинасының фискалды чектері берілмеген жағдайда тұтынушы шағымды осы қосымша арқылы жібере алады. Онда ақпарат расталғаннан кейін телефон теңгерімі тотырылады.

Акция 2020 жылдың 13 мамырында басталып, жылдың соңына дейін жалғасады.