Елорданың қоғамдық көліктерінде бетпердесіз жүруге рұқсат етілмейді

Елорданың қоғамдық көліктерінде бетпердесіз жүруге рұқсат етілмейді

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері қоғамдық көліктің жолаушылары көп жиналатын аялдамаларда күнделікті тексеру жүргізуді жалғастырады. Олардың басты мақсаттарының бірі – жолаушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Нақты айтқанда 10 мамыр күнгі Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігерінің автобус ішінде бетперде тағу туралы Қаулысын орындау.

Күніне бір қызметкер 80-120 автобус тексереді. Ол жолаушылармен қоғамдық көліктердегі карантиндік шараларға қатысты алдын алу жұмыстарын жүргізіледі. Жолаушылар бетперде тағудан бас тартқан жағдайда, автобустан түсуді сұрайды.

Естеріңізге саламыз, автобустарда жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз өтеу қажет. Карантинге дейін қоғамдық көліктегі қолма-қол ақшасыз жүру 98% құрады, қазір 100% жетті. Жүру ақысын қолма-қол ақшасыз ету үшін көліктік карта мен басқа төлем түрлері қарастырылған. Төлем SMS, QR-код және мобильдік қосымшалар арқылы жасалады.

Қоғамдық көлік енді жүре бастағанда, 12 мамырда жолаушылар саны 146 907 болды, 15 мамырда – 237 969, 18 мымырда – 268 163.