Сейфуллин – Бейбітшілік көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

Сейфуллин – Бейбітшілік көшелерінің қиылысы уақытша жабылады

Жөндеу жүруде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы көше-жол желісін орташа жөндеу аясында Сейфуллин – Бейбітшілік көшелерінің қиылысында жұмыстар жүргізуде.

Осыған байланысты 19 мамыр сағат 15.00-ден 20 мамыр таңғы сағат 8-ге дейін аталған көше қиылысында жол қозғалысын тоқтату жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс туындауына жол бермеу үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлауы қажет.

«Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз», – делінген хабарламада.